Антициклон ықпалы: 22 қарашада ауа райы қалай өзгереді?

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша 22 қарашада антициклонның ықпалынан Қазақстан аумағында күн жауын-шашынсыз, аязды болады, солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда қар жауады, боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Қызылорда облысында тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.