Қанат Исламның қарсыласы Аллотей Қазақстанға келді

Патрик Аллотей 26 жаста. осы уақытқа дейін 36 кездесу өткізіп, екеуінде ғана ұтылған.

«Техника, тактика бойынша жұмыс істедік және жекпе-жекке дайынбыз. Бұл оңай болмайтынын білеміз, алайда алынбайтын қамал жоқ», — деді Аллотейдің бапкері Офори Асаре ұшар алдында.

Бапкер Асаре шәкірті Қазақстан жанкүйерлерінен жасқанбайтынына да сенімді.

Ал, отандасымыз «Қазақ» деген атпен жұдырықтасып жүрген Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ол WBA Fedelatin нұсқасы бойынша өз белдігін қорғап, WBO Inter-Continental және IBO International нұсқалары бойынша сарапқа салынатын чемпион белдіктеріне бақ сынайды.

Айта кетейік, 29 қазанда Алматыдағы «Алматы арена» спорт кешенінде Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі өтеді. Аталған бокс кешіне елімізден Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлыда қатысады.

ДереккөзҚазАқпарат