Kaspi.kz 2019 жылдың 9 айының қорытындысын жариялады. Қыркүйекте қолданушылар саны 5,4 миллион болды.
Компания өкілдерінің хабарлауынша, таза пайда 9 айда 61,4% ұлғайып, 134,8 миллиард теңгеге жетті.
2019 жылы біз қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған Kaspi.kz мобайл суперқолбандасының ерекше танымал бола түсуіне байланысты табысты дамуды жалғастырып жатырмыз. Қазіргі кезде қосымшаның 6 миллионға жуық белсенді қолданушысы бар. Kaspi.kz көмегімен сүйікті клиенттеріміз тұрақты төлем, аударым жасап, депозит ашады, кредит алып, бонус жинап, жұмсайды, онлайн және Kaspi QR арқылы еліміздегі 15 мыңнан астам дүкеннен тауарды тиімді сатып алады. Kaspi QR көмегімен тікелей Kaspi.kz суперқолданбасында клиенттеріміз картасыз, жылдам және оңай зат сатып алады, — дейді Kaspi.kz басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.
2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда биылғы 9 айда Kaspi.kz табысы 34% өсіп, 363,2 миллиард теңгеге жетті. Таза табыс бойынша табыстылық 30,8%-тен 37,1%-ке ұлғайды. Kaspi.kz қолданушыларының саны 2018 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 3 миллион адамға ұлғайған.