Қабырға қақ жарылып (шын мәнінде бір бөлменің екі жағы арасындағы шымылдық ашылды), елітетін әуен ойналып, адамдар қабырғаға проекцияланған қызыл-қара сфералар арасына – залдың сахна маңындағы бөлігіне ауыса бастады. Бейсенбі, 28 қарашада Алматыдағы Спорт сарайында сахнаға әдеттегідей қызыл кроссовкасын киіп шыққан Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе жаңа өнімдері мен сервистерінің таныстырылымын осылай бастады.

Қолма-қол ақшадан қолма-қолсызға

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе әуелі компаниясының өнімдері Қазақстан экономикасын қолма-қолдан қолма-қолсызға аударуда шешуші роль атқаратынын әңгімеледі. Мысалы, 2016 жылдың қыркүйегінде елде 9 миллион карта операциясы жасалған. 2019 жылдың қыркүйегінде оның саны 107 миллионға жетті немесе 2016 жылғыдан 12 есе көп болды. Бұл динамика 2016-2017 жылдары Kaspi Gold картасы (қазір бұл картаны Қазақстанның 4,5 миллион азаматы пайдаланады) мен Kaspi.kz мобайл қолданбасының пайда болуына байланысты.

Біздің инновацияның негізі – Kaspi.kz  мобайл қолданбасы. Бір қолданбаның көмегімен төлем, аударым жасап, жеке қаражатыңызды басқара аласыз және бонус ала аласыз. Қазіргі уақытта бұл қолданбаны 6 миллион адам пайдаланады. Бұл – елдің әрбір үшінші тұрғыны, – деді Михаил Ломтадзе.

Залдағылардың бірі “Сонда қалған екі тұрғын немен айналысады?” деп әзілдеді. Михаил Ломтадзе, әрине, мұны естіген жоқ, бірақ презентациясында “әлгі екеу” де Kaspi.kz-тен өзіне қажет өнім мен сервисті таба алатынын көрсетті.

Kaspi Gold 60 секундта дайын

Kaspi.kz командасы Kaspi Gold өнімін жасаған кезде атаулы картаны клиенттер 15 күнде емес (сол кездегі төлем карталарын жасаудың стандарт уақыты), Kaspi.kz бөлімшелерінен 15 минутта алсын деген идея болды. Команда бұл мақсатына жетті: клиенттердің көбі автокөлікті тұраққа қоюға карта алғаннан көп уақыт кететінін айтты. Бірақ Kaspi.kz онымен тоқтап қалған жоқ, керісінше, “газды басуды” ұйғарды.

Командамыз әбден жетілген бірегей сервис жасап шығарды, Kaspi Gold атаулы картасы көз алдыңызда 60 секундта дайын болады. Құрылғының дизайны мен клиенттерге арналған дағдыны Kaspi.kz командасы жасады, құрылғының өзі Қазақстанда құрастырылды. Біз бұл аппаратты сүйіспеншілікпен “Kaspi Картомат” атадық, – деді де Михаил Ломтадзе сахнадағы нысанның матасын әдемілеп тартып жіберді.

Жасырынған нәрсе Kaspi Gold атаулы картасын көз алдыңызда шығарып беретін сол бірегей аппарат болып шықты.

Kaspi.kz

Михаил сахнада тұрып, жүздеген көрерменнің алдында өзіне атаулы картаға тапсырыс берді, өзінің жеке басын Kaspi ID көмегімен растады.

Kaspi.kz

Бұл – адамның бет-әлпетін танудың Kaspi.kz жасаған бірегей технологиясы. Kaspi ID көмегімен Kaspi.kz қолданбасында сіз жеке басыңызды жылдам әрі оңай растап, қаражатыңызды сенімді түрде қорғай аласыз, – деді Михаил Ломтадзе.

Ол сахнада Kaspi Картомат аппаратына жақындап келіп, смартфондағы QR-ды қолданып, картаға тапсырыс берді де, секундөлшегішті қосты. Секундөлшегіш көрсеткіші үлкен экраннан көрініп тұрды, бәрі 60 секундта біте ме екен деп күтіп тұрды. Үзіліс 47 секундқа ғана созылды – Михаил Ломтадзенің атаулы картасын жасауға осынша уақыт қана кетті.

Kaspi.kz

Kaspi.kz бұл сервисті 2020 жылдың ақпан айында іске қосады.

Картасыз сауда жасау

Kaspi.kz басшысы Kaspi POS арқылы төлем қабылдаудың жаңа мүмкіндіктері туралы да айтты. Бұл терминалдар Kaspi Red, Kaspi Gold пен кез келген банктің Visa және Mastercard карталарын ғана емес, Kaspi QR арқылы төлемді де қабылдай алады.

Бұл технология Kaspi.kz қолданбасымен түгел біріктірілген. Сатушы Kaspi POS-тың өзіне соманы енгізсе және сатып алушы қолданбадан Kaspi QR-ды сканерлеп алса, жетіп жатыр. Kaspi QR көмегімен Kaspi.kz қолданбасымен жасалған сауданың төлемін де төлеуге болады, картасыз, – деді Михаил Ломтадзе.

Бүгінде кәсіпкерлер Kaspi POS арқылы жасалған транзакция үшін 2,3% алым төлейді. Бірақ, Михаилдің айтуынша, компания Kaspi QR елде қолма-қолсыз төлем жасауды одан әрі ілгерілетеді де, Kaspi Gold-тағы Kaspi QR арқылы жасалатын сауда-саттықтың комиссиясы 1,69% төмендейді деп сенеді.

Kaspi.kz

2019 жылдың желтоқсанынан бастап Kaspi Gold-пен картасыз, Kaspi QR көмегімен төлем жасауға болады.

1 миллиард теңгеге дейінгі бизнес-кредит

Біз өзіміздің сүйікті серіктестеріміздің бизнесті белсенді дамытуына көмектесу үшін тағы не істей алатынымызды ойладық. Сөйтіп “Бизнес Кредитті” іске қосып отырмыз. Серіктестеріміз 1 миллиард теңгеге дейінгі соманы ала алады. Кепілсіз, 6 айға. 6 айда артық төлем бар болғаны – 8,9%. Басқа комиссия болмайды, яғни сіз 100 теңге алып, 108,9 теңге қылып қайтарасыз. Ең бастысы – кез келген сәтте айыппұл мен комиссиясыз мерзімінен бұрын төлей аласыз, – деді Михаил Ломтадзе.

Kaspi.kz серіктесі қандай сомаға иек арта алады? Формуласы қарапайым – Kaspi арқылы кейінгі 6 айдағы жасалған сауда-саттықтың 20%-і.

Kaspi.kz

Сізге бөлімшеге бір рет қана келіп, құжатқа қол қою керек. Одан кейін келудің қажеті жоқ, Kaspi Business мобайл қолданбасы арқылы бәрін онлайн істей аласыз. Құжаттарға қол қойғаннан кейін кредит алуға өтінішіңіз мақұлданады, ақша лезде есепшотыңызға түседі, бизнесіңізді дамытып, айналым капиталын толтырып, тауар сатып алып, шығыныңызды төлеп жүре бересіз, – деді банк басшысы.

Kaspi Business қолданбасы арқылы кез келген уақытта кредит сомасы, артық төленген сома, қарызды өтеу кестесі және тағы басқа сияқты барлық маңызды детальді оп-оңай білуге болады.

Кейбіреу елдегі шағын және орта бизнесте шетінен жағдайы қиын қарыз алушылар жүр деп ойлайды. Kaspi.kz өкілдері бұған үзілді-кесілді сенбейді, өйткені бұған Kaspi.kz-тің 9 000 серіктесі дәлел. Бәрі өркендеп, белсенді дамып жатыр, жұмыс орындарын ашып, клиенттерін бақытты етіп жатыр. Негізінен шағын және орта бизнес өкілдерінен тұратын серіктестерін қаржыландыра отырып, Kaspi.kz олардың өсуін жеделдетуді және ел мен экономиканың дамуына бірге үлес қосуды көздейді, – деді Михаил Ломтадзе “Бизнес Кредит” өнімін таныстыруды аяқтап жатып.

Kaspi.kz

Kaspi.kz  “Бизнес Кредитті” 2020 жылдың қаңтарынан бастап береді.

Гарвардта Kaspi.kz туралы сабақ өтеді

Михаил Ломтадзе Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы кейс жазып, оны екінші курс студенттерінің оқу бағдарламасына қосқанын айтты.

Kaspi.kz

21 қарашада біз Гарвард бизнес мектебіне барып, Kaspi.kz кейсі бойынша өткен екі сабақ барысында Қазақстан туралы, Kaspi.kz туралы әңгімеледік. Студенттер ерекше қызықты. Гарвардтың осы кейспен оқыған 180 студенті енді Қазақстан туралы көбірек біледі, Kaspi.kz деген инновациялық компания барын біледі. Сол кейске дейін Қазақстан туралы, Kaspi.kz туралы ешкім көп білмеген. Біз клиенттеріміздің, командамыздың атынан сөз сөйлеп, еліміз бен жетістіктеріміз туралы мақтана айттық, – деді Михаил Ломтадзе.

Экраннан Михаил Ломтадзе мен Kaspi.kz командасының Гарвард студенттерімен бірге түскен фотосуреті көрсетілді.

Kaspi.kz

Сапар соңында біз командамызбен бірге осы бір сезімге толы тамаша күннен естелік ретінде фотоға түстік. Бірақ мұнда мына нәрсе көрінбей тұр… – деді ол.

Фото в Гарвард

Фотоны төмен жылжытқан кезде экраннан аяқ көрінді. Михаил Ломтадзені әйгілі қызыл кроссовкасынан тануға болады.