Атлантика циклоны бүгінгі ауа райын қалай өзгертеді?

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, желтоқсанның 19-ында еліміздегі ауа райына Атлантика циклоны әсер етеді, сол себепті жауын-шашын түседі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста толассыз жаңбыр жауады. Республика өңірлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста жел екпіні секундына 30 метрге жетеді және одан да күшті болуы мүмкін.

Жамбыл облысында қар, жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын мен екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні секундына 30 метрден асады.

Қызылорда облысында жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады. Түркістан облысында жаңбыр, қар жауады, жел екпіні секундына 28 метрге жетеді, тұман түседі, көктайғақ болады. Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түседі. Алматы облысында тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады.

Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Түркістан облыстарында және Шымкентте ауа райы қолайсыз болатыны ескертілді. Бұған дейін синоптиктер алдағы 3 тәулік жауын-шашынды әрі тұманды болатынын хабарлаған еді.