Ауа райы: қар жауып, боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады

Бүгін жауын-шашын мол түседі: жаңбыр, қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады. «Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша Қазақстанның батысында ғана жауын-шашын болмайды.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарында боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 25 метрге жетеді. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында да тұман түседі.

Сырдарияның Қазалыдағы (Қызылорда облысы) гидрология тұрағы тұсында су деңгейі көтерілу қаупі бар.