10-12 желтоқсан аралығындағы ауа райына болжам жасалды

Демалыс күндері Қазақстандағы ауа райына ықпал еткен антициклон біртіндеп әлсіреп, Алтайға қарай ысыға бастады. «Қазгидромет» синоптиктері енді елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, алдағы 3 тәулікте Қазақстанның оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің оңтүстігінен, ал солтүстік облыстарға Ресейдің Еуропа бөлігінің солтүстік аймағынан циклон келеді, соған байланысты жауын-шашын мен тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстікте боран және батыстан екпінді жел соғады.

Күндізгі ауа температурасы 0 градусқа жақын, оңтүстікте 5-12 градус жылы болады, бұл орташа климат нормасынан жоғары. Республиканың шығысында ғана антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы жалғасады, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.