Батыста ғана антициклон әсерінен жауын-шашын түспейді.
Алматы облысында бүгін тұман түседі, көктайғақ болады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Жамбыл, Түркістан облыстарында да тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейіп, боран соғады.
Синоптиктер Ақмола облысында да боран соғады деп отыр, жел екпіні бұл өңірде де секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күн тұманды болады, боран соғады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы жолдарда көктайғақ болады. Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман түседі.
Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» Қазақстан аумағына солтүстік теңіздерінен суық әрі ылғал ауа келетінін, аяз бәсеңдегенімен ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан төмен болатынын хабарлаған еді.