2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстан мен шетел эмитенттерінің төлем карталары арқылы қолма-қол ақшасыз айналым 1,4 триллион теңгеге жетті, қолма-қол ақшаға айналған сома 1,3 триллион болды. Картадағы қаражаттың жалпы айналымының ішінде қолма-қол ақшасыз төлем үлесі бір айда 43,9%-тен 51,7%-ке көбейді, бір жыл бұрын көрсеткіш 31,7% болған еді.

Қаржы жүйесінен қолма-қол ақша алу көлемі бір айда 72,5%-тен 58,4%-ке азайды. 5 жыл бұрын бұл көрсеткіш 90% болған. Дегенмен биылғы 9 айдың қорытындысын қосып есептегенде қолма-қол ақшасыз айналым көлемі карталардан қолма-қол ақша шешіп алу көрсеткішіне қарағанда аз.

Қолма-қол ақша, кесте

2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде төлем карталарынан банкоматтар мен POS-терминалдар арқылы 11,7 триллион теңге қолма-қол алынған. Бұл былтырғы 9 айға қарағанда 22% көп.

Банк карталарынан қолма-қол ақшаның көп алынуы жөнінен еліміздің қаржы орталығы — Алматы көш бастайды: алынған қолма-қол ақша көлемі 40,8% артып, 3,2 триллион теңге болды, бұл жағынан республика бойынша Алматының үлесі 23,9%-тен 27,5%-ке көбейді.

Екінші Түркістан облысы мен Шымкент тұр: көрсеткіш бір жылда 31,3% артып, 1,1 триллион теңге болды. Үшінші орындағы Нұр-Сұлтанда карталардан қолма-қол ақша алу көлемі былтырғы 9 айға қарағанда 16,9% көбейіп, 1,3 триллион теңге болды.

Қолма-қол ақша алу көлемі Қазақстанның барлық 17 өңірінде артқан. Банкоматтар арқылы 10 триллион теңге қолма-қол алынған, қаражат көлемі былтырғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 21,1% көп. Банк бөлімшелерінде төлем карталарынан 1,8 триллион теңге алынған. Биылғы 9 айда Қазақстан аумағында карталардағы қолма-қол қаражаттың 84,5%-і банкоматтардан алынған.

Finprom.kz мамандарының мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлемнің кең қолданыла бастағанына қарамастан еліміздегі екінші дәрежелі банктер банкомат желісін арттырып жатыр. Қыркүйекте банкомат саны бір жылда 11,6 мыңға жеткені, яғни 16,5% көбейгені белгілі болды. Бұған дейін 2 жыл қатарынан банкомат саны 12 ай бойы тек 2,8% көбейіп келген еді.

Жаңадан орнатылып жатқан банкоматтардың бәрінде қолма-қол ақша қабылдау функциясы бар, қаржы ұйымдары құрылғылардың санын сол есеппен көбейтіп отыр: мұндай банкоматтар саны 77,1% көбейіп, 4,5 мыңға жетті. Сash-in функциясы жоқ құрылғылар былтырғы 9 айға қарағанда 4% азайып, 7,1 мың болды.

Банкомат саны Алматы облысында 31,8% (560) , Түркістан облысы мен Шымкентте 28,1% (938) және Қызылорда облысында 23,6% (398) көбейген. Еліміздің оңтүстігіндегі осы өңірлер бұл жағынан республика бойынша алда тұр.

Банкомат саны бойынша кесте

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!