Қазақстанда 10 600 банкомат бар. Ұлттық банктің 2019 жылдың мамырының соңындағы мәліметіне сүйенген Ranking.kz мамандарының хабарлауынша, бұл былтырғы бес айдың қорытындысына қарағанда 6,9% көп.

2019 жылдың мамырында банкоматтардың қатары бір айда 82-ге, ал былтырғы қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 685-ке көбейген.

Республика бойынша банкомат желісі Алматыда (1,9 мың), Нұр-Сұлтанда (1,2 мың) және Қарағанды облысында (908) көп. Аппараттардың процентпен есептегенде бір жыл ішінде айтарлықтай көбеюі Алматы облысында (18,6%, жалпы саны — 492), ал санымен есептегенде Нұр-Сұлтанда (105-ге көбейді) және Қарағанды облысында (101-ге көбейді) тіркелді.

Банкоматтар

Қазақстанның екінші дәрежелі 28 банкінің 15-інде банкомат желісі бар. Банктердің корпоратив сайттарының мәліметі бойынша банкоматтардың ең көбі «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-ға тиесілі — 4 946 аппарат, оның 685-і Алматыда, 512-сі — Нұр-Сұлтанда.

Екінші орында Kaspi Bank: 1 167 мың банкомат, оның 339-ы Алматыда, 179-ы Нұр-Сұлтанда. Одан кейінгі орында 850 банкоматы бар ForteBank тұр, банкоматтарының 189-ы Алматыда, 97-сі Нұр-Сұлтанда. Altyn Bank пен Capital Bank банкомат желісінің жартысынан астамын Алматыда орналастырған.

Банкоматтар

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Marc Gebehenne)