Нұр-Сұлтанда қолма-қол ақшасыз төлем жасау 321,6 миллиард теңгеге жетті

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру ел экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі екенін айтты.

«Картамен төлеу салық базасын кеңейтіп, салық төлемдерін төлеу процесін жеңілдетеді. Бөлшек сауда желілерінде карточкамен төлем жасағандар басқа салықтарды төлеу немесе осы бонустары бар тауарларды сатып алу үшін мемлекеттен салық әмияндары үшін бонустар ала алады. Бірақ бұл банктармен келісімді қажет етеді», — деді министр.

Оы жылдың алғашқы бес айында қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі былтырмен салыстырғанда 2,1 еседен астам өсіп, 3,7 триллион теңгеге жетті.

Барлық қолма-қол ақшасыз төлемдердің 68%-тан астамы Алматыда жасалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (1,1 триллионтеңге) 2,3 есе көп.

Екінші орында картамен 321,6 триллион теңге төлем жасаған нұрсұлтандықтар тұр. Ал Алматы облысының тұрғындары картамен 186,9 миллиард теңге төлеп, үздік үштікті аяқтайды.