«Клиентім Джей Лодан айнымай шыға келді»

Маржан Боровиктің визажист болып жұмыс істеп келе жатқанына екі жылға жуықтады. Ол жеке сұлулық салонын жақында ғана ашып, клиенттерін әлемге әйгілі жұлдыздарға айналдыруды бастаған.

Бір күні салонға Зарина Мұхамеджанова деген клиент келді. Бетін бояп жатқанда оны Дженнифер Лопеске ұқсаттым. Сонда оны тура Джей Лодай бояғым келді. Өзінен сондай эксперимент жасап көруге қалай қарайтынын сұрадым. Бірден келісті. Дженнифердің парақшасындағы бүкіл фотосын, қалай боянатынын, қандай түсті көп қолданатынын қарап шықтым. Тіпті қандай көлемдегі кірпік жалғайтынын білдім. Уәделескен күні Зарина келді. Айнаның алдына Джей Лоның фотосын қойып, Заринаны бояй бастадым. Шашын да өзім сәндедім. Бір кезде айнымаған Джей Ло болып шыға келді, — дейді Маржан.

View this post on Instagram

J LO @jlo в КАЗАХСТАНЕ ?????? ⠀ С моей клиенткой Зариной ( которая кстати мамочка 5 х детей) ??создали образ @jlo Jennifer Lopez !!!! Как вам ??? ⠀ Не зря я устраивала тогда опрос в сторис ? Мнение разделились 50/50?‍♀️ Получилось у меня как Вы думаете ??? Использовала пигмент от Inglot @inglotkazakhstan с коллаборацией Jlo под названием «Celestial” и хайлайтер «Livin’ the highlight” ⠀ Буду рада если будете отмечать меня в своих сторис с этой работой ?? Пусть многие подумают, что она здесь ? А так это моя мечта, попасть на ее концерт ?? #макияжалматы #визажисталматы #jlo #jlomakeup #makeup #mua #jeniferlopez #100daysofmakeup #hudabeauty #mirmakeup #wakeupandmakeup #mir_makeup

A post shared by ??????? ??????? (@marzhan_borovik) on

«Жұмысым жаңалық болып тарайды деп ойламадым»

Визажист Заринаны Дженниферге ұқсатып боямай тұрып, Instagram-дағы оқырманына сауалнама жүргізген. Сонда көбі «Мүлдем ұқсамайды» деп жауап берген.

Жасаған экспериментімізді Instagram-ға салдық. Бәрі қатты ұқсатты, таңғалып, пікір жазған адам көп болды, — дейді визажист.

Маржан Джей Лоны желіге салғаннан үш күннен соң «Визажист Алматының тұрғынын Дженнифер Лопеске айналдырды» деген жаңалық тарай бастады. Маржан мұндай реакцияны күтпеген. Бұл жаңалықты визажистің таныстары көріп, жіберген.

Визажист Маржан Боровик
Маржан Боровик. Фото: Айгүл Хожантаева

Жұмысын жақсы көрген адам жаңа нәрсе іздеп, түрлі экспериментке дайын болады. Мен де қарапайым тұрғынды танымал әншіге ұқсатып бояп көрейін дедім. Бірақ екеуіміз де жаңалық ленталарына шығамыз деп ойламадық. Зарина — бес баланың анасы, үйде бала тәрбиесімен отырған келіншек. Мен де кәсібімді енді бастап жатқан визажиспін. Бірақ мұндай реакция сүйікті ісіңе ынталандырады екен, — дейді Маржан Боровик.

«Гример болсам, өзім-ақ күнде түрлі жұлдызға айналар едім»

Осы эксперименттен кейін Маржанға қыздар «Мен ана жұлдызға ұқсаймын, менің түрім мына жұлдызға келеді» деп көп жазады. Маржан бәрінің хатын оқып, фотосын қарап шығады. Наргиза Әлімғазыны ғана Скарлетт Йоханссонға ұқсатыпты. Кейін визажист оны фотосессияға шақырған.

Наргиза Скарлетт сияқты фотоға түскісі келді. Оған арнайы көйлек таңдады. Скарлетт көбіне жеңіл макияжбен жүреді. Сондықтан Наргизаны көп боямадым. Осылай қарапайым бухгалтер атақты актрисаға «айналды». Заринаны «Менің Джей Лом», ал Наргизаны «Скарлеттім» деп атаймын. Қазір жаңа «жұлдыз» іздеп жүрмін. Тек әлеуметтік желіде емес, өмірде де әдемі қыздарды көрсем, келбетін зерттеп, оны модель ретінде шақыруға тырысамын. Голливуд жұлдызына айналғысы келетін қыздар өте көп. Бірақ бәрі ұқсай бермейді. Мен белгілі бір адамға ұқсатып бояйтын гример емеспін, визажиспін. Гример болсам, өзім-ақ күнде түрлі жұлдызға айналар едім, — дейді Маржан.

View this post on Instagram

Ну мы не могли сделать только один образ ??? ⠀ Поэтому вот ещё один образ Скарлетт Йохансон с красной дорожки Венецианского кинофестиваля ?❤️ ⠀ Подправили немного макияж, даже платье почти один в один ? Ну тут мне кажется вообще одно лицо ?? Наргизааа, вы такая красотка !!!! Мне кажется можно вас снимать у нас в кино ? ⠀ Так, что вот такой ещё один красивый образ невероятной Скарлетт, жаль что у неё нет инстаграмма ?? Makeup @marzhan_borovik , Photographer : @letsmake.photo , Model: @nargizalimgazy ???

A post shared by ??????? ??????? (@marzhan_borovik) on

Маржан қыздарды Қазақстанның әнші-актерларына ұқсатып, бояғысы келмейді. Оған клиентті басқа құрлықтың танымал адамдарына «айналдырған» қызық.

Еуропа мен Азия тұрғындарының көз бен қабағы бір-біріне ұқсамайды. Мен азиат қызды Еуропаның адамына ұқсату үшін қабақты бояғанда белгілі бір техникалар қолдандым. Ең күрделі әрі қызық тұсы да осы шығар, — дейді визажист.

Визажист Маржан Боровик
Маржан Боровик. Фото: Айгүл Хожантаева

«Реңк беретін кремді дұрыс таңдаңыз»

Сұхбат соңында визажистен дұрыс бояну туралы кеңес сұрадық. Маржан Боровиктің айтуынша, қыз-келіншек бетке реңк беретін крем таңдағанда және оны пайдаланғанда көп қателеседі.

Әдетте дүкенде реңк беретін кремді клиент білегіне жағып көреді. Негізі білек пен бет терісінің түсі үнемі сәйкес келе бермейді. Сондықтан кремді таңдағанда оны мойынға жағып, түсінің теріңізбен үйлесуіне мән беріңіз. Сонымен қатар қыз-келіншек бетке кремді иектен әрі жақпайды. Содан крем бетте маска сияқты болып, ыңғайсыз көрінеді. Әрдайым мойынға жеткізіп жағыңыз, — дейді ол.

Бүгінде жеңіл, табиғи макияж мода болып тұр. Тіпті үйлену тойына да қалыңдықтар қатты боянбайтын болған. Кәсіпқой бет әрлеуші қазіргі қыздардың талғамын қолдап отыр.

Дәл қазір келбетті қатты өзгертпей, табиғи жеңіл бояну сән. Бұл кез келген жерде әдемі көрінеді. Сондықтан қасты қатты бояудың қажеті жоқ. Оны табиғи қалпын сақтап бояған дұрыс. Көзге де бояуды жай жағып қоя салу жеткіліксіз. Сол бояуды дұрыс жайып, көзді әдемі көрсете алу керек, — дейді Маржан Боровик.

Визажист Маржан Боровик
Маржан Боровик. Фото: Айгүл Хожантаева

Маржан өзінің Instagram-дағы парақшасында блог жүргізеді. Визажистен бояну, косметика, бет күтімі туралы сұрайтын оқырман көп. Ол қыз-келіншек атаулының кез келген сұрағына жауап беруден шаршамайды.

Қыз-келіншек «Бетті күнде бояу зиян емес пе?» деп көп алаңдайды. Оларға ең бастысы ұйықтар алдында бетіңізді тазалап, жуыңыз деймін. Беттегі бояумен ұйықтамаңыз. Бәрін сүртіп, ылғалдандыратын крем жағып, маска жасаңыз. Бетіңізді күтіңіз. Бет терісін күтпесеңіз, оның кем тұсын ешқандай бояу жасыра алмайды. Косметиканың да сапалысын, қымбатын таңдаған дұрыс. Осы қарапайым ережені ұстансаңыз, бояудың еш зияны жоқ, — дейді Маржан Боровик.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!