Реңк беретін сапалы крем таңдаудың негізгі критерийлері қандай?

Блогердің айтуынша, ең алдымен, кремнің майлы немесе құрғақ бетке бейімделу мүмкіндігіне назар аудару қажет. Таңдалған реңк кремнің түсі сізге тән болуы керек. Ол сонда ғана табиғи көрінеді.

Консистенциясы бойынша жеңіл және жаз маусымдарына арналған деп қарастыруға болады. Төзімділігіне де назар аударған жөн. Күн сәулесінен қорғайтын SPF белгісі бар кремді қолдансаңыз, көктем, жаз мезгілінде  күннен қорғануға септігін тигізеді. Орта жастан асқан әйел лифтинг әсері бар кремді қолданғаны жөн. Ол әжімнің тартылуына көмектеседі.

Кремнен қандай әсер күтесіз — соны анықтап алғаныңыз жөн. Кей крем тері түсін күңгірт етуге жақсы болса, кейбірі бет терісінің түсін реттегенімен кемшілігін жасыра алмайды. Сондықтан кеңесшімен ақылдасып алғаныңыз жөн, — дейді Нұрсұлу Төленова.

Қай компанияның реңк беретін кремін қолданған дұрыс?

Beauty-блогер әйелдердің Sisley (Франция), Max Factor (АҚШ), L ‘ Oreal (Франция) Maybelline (АҚШ), Bourjois (Франция) немесе Revlon (АҚШ) реңк беретін кремін жиі қолданатынын айтады. Ол оқырмандарға 2019 жылдағы ең танымал кремдердің төрт түрін ұсынды:

  1. Maybelline SiperStay 24H. Түсі — ашық, жартылай күңгірт (матовый). Төзімділігі — орташа. Бетке тегіс жағылады;
  2. Healthy Mix Anti-Fatigue and Radiance Reveal Foundation. Түсі — 51. Күңгірт емес, терінің жылтыр болуына көмектеседі. Құрғақ бет терісіне қолайлы;
  3. Catrice HD Liquid Coverage Foundation. Түсі — 010. Төзімділігі — жоғары. Құрғақ теріге арналған. Беттегі барлық кемшілікті жасырады;
  4. Infaillible 24 сағат. Түсі — 10 фарфор, күңгірт (catrice түсіне жақын). Төзімділігі — жоғары. Құрғақ теріге жарамсыз. Бұл крем тамаша тегістейтін әсерге ие. Қызарғанды, көз астындағы қара шеңберді жасыруға көмектеседі.

Арзан кремнің қандай зияны бар?

Арзан крем дегеніміз – түпнұсқа кремнің көшірмесі. Олар бетте ұзақ тұрмайды. Бетіңіздегі кемшіліктерді бар болғаны екі сағат жасыра алады. Ары қарай бетіңіз майланып, қатпарланады.

Қыздар қауымының кейбірі ВВ кремді қолданады. Ол — терінің кемшілігін жасыратын және оған күтім жасайтын әмбебап құрал.  BB крем реңк беретін және күндізгі бет кремнің қоспаларынан жасалған. Ол бетті ылғалдандырып, ұсақ кемшіліктерді жасырады.

Ақшаны үнемдеп, арзан реңк беретін кремді қолдана беруге болмайды. Себебі бет теріңізді құртып алуыңыз әбден мүмкін. Кремді қолданар кезде құрамында SPF фильтріне, дақтарды жасыра алатынына аса мән беру керек, — дейді блогер Нұрсұлу Төленова.