Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Қазгидромет» 14 қазанда күн құбылмалы болатынын хабарлады

Фото: Pic2.me

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14 қазанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.  Атмосфераның фронтал бөліктерінің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, кей жерде тұман түседі.

Ақмола облысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады, тұман түседі.

Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, найзағай ойнайды.

Түркістан, Қызылорда облыстарында да найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысында дауыл тұрады.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні 17-22 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады.  Қостанай облысында тұман түседі.

Қарағанды облысында 15-20 м/с жел соғады. Тұман түсіп, найзағай ойнайды.

Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *