Әуезов атындағы драма театры жаңа маусымын 14 қазан күні бастайды

Премьераның қоюшы режиссері – ҚР халық артисі,профессор Е.Обаев

Композиторы – Ғ.Жұбанова, КСРО халық артисі,профессор

Қоюшы – суретшісі – Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері

Хормейстер – Ғ.Ерекешев

Концертмейстер – Л.Алдиярова

Режиссердің ассистенті – Е.Біләл, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Режиссердің көмекшісі – Б.Әбдіков

Қойылымда Абайдың ел ортасындағы, шәкірттері ортасындағы жақсыны көре-тани білген, ғашықтықты бағалап, әр шәкіртіне нағыз ұстаз бола білген адами тыныс-тіршілігі, сонымен қатар зұлымдықпен алысқан соқтықпалы, соқпақты өмірі көрсетіледі. Жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет еткен Абай болмысы мен ақын шығармашылығының композиторлық  қыры да ашылады.

Ертеріңізге сала кетейік, «Абай» қойылымы алғаш рет 1940 жылы сахналанды. Оның кәсіби режиссері Н.Соколов болды. Қалибек Қуанышбаев Абай бейнесін бірінші рет сахнаға шығарып, көрерменнің көңілінен шықты.

Спектакльді екінші рет 1952 жылы Шәкен Айманов сахналады. Онда басты рөлдерде ойнағанҚалибек Қуанышбаев – Абай, Серке Қожамқұлов – Майбасар, Елубай Өмірзақов, Хадиша Бөкеева, Рахия Қойшыбаевалар Сталиндік сыйлықтың лауреаты болған еді.