1 қазандағы ауа райы: жауын-шашын, жел, тұман және үсік

«Қазгидромет» РМК мамандары 1 қазандағы ауа райы қандай болатынын хабарлады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарынан атмосфера фронттары өтеді, соның әсерінен ауа райы құбылмалы болады, найзағай соғып, жаңбыр жауады, қалған аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда облысында түнде 1-3 градус үсік болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.