Көктөбедегі өрт неден шыққаны анықталды

Биылғы тамыздың аптабында, 11-12 тамыз күндері Алматыдағы Көктөбе тауының аумағы үш рет өртенді. Тамыздың 11-інде алғашқы өрт жергілікті уақыт 14.30 шамасында басталған. Көктөбе телемұнарасынан 1 шақырым жерде қураған шөп өртенді. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, дала өрті 5 сағаттан соң өшірілді.

Екінші өрт орнынан бір адамның мәйіті табылды. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Бірінші өрт 11 тамыз күні сағат 20.00 шамасында, екіншісі 00.00 шамасында өшірілді. Өрт кезінде Көктөбедегі зират жанып кеткен.

Көктөбе, өрт
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Келесі күні – 12 тамызда Көктөбе маңы үшінші рет түтінге оранды. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттің 13.52-де басталғанын хабарлады. Таудың оңтүстік-батыс баурайында ауданы шамамен 1 гектар болатын жердің қураған шөбі өртенген. Өрт екі сағатқа жуық уақытта сөндірілді.

Үш рет өртенген Көктөбе аумағына Baribar.kz тілшілері барып, оқиға орнын шолып шыққан болатын.

ДереккөзZakon.kz