Банкте ипотекалық қарызы бар тұрғындарға көмек көрсетілетін болды

«Қайта қаржыландыру» бағдарламасы аясында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын төлеуді кешіктірген, банкке берешегі бар қарыз алушыларға көмек көрсетілмек. Бұл халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының жалғыз баспанасын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

«Күмәнді және үмітсіз несиелер бойынша қарыз жүктемесін азайту тәсілдері аясында банктердің несие портфеліндегі күмәнді және үмітсіз қарыздар деңгейін төмендету және қаржылық қызметті тұтынушыларды қорғау күшейтіледі», — деді ҰЭМ басшысы.

Министрдің айтуынша, салымшылардың мүдделерін қорғау деңгейі ұлғайтылатын болды. Сонымен қоса, жұмыс беруші жұмысшымен аннуитеттік сақтандыру бойынша келісімшарт жасау кезінде азаматтар өзінің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жарақат алған жағдайда олардың әлеуметтік қамтамасыз етілуін жақсарту қарастырылатын болады.

Айта кетейік, аннуитеттік сақтандыру дегеніміз сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, алайда жасына, мүгедектігінеы, науқастығына байланысты еңбек ету қабілетін жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне, одан айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде шартта белгіленген мерзім ішінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрі.

ДереккөзSkifNews