Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қыркүйектің соңғы күніндегі ауа райы қандай болады?

Фото: 52.mchs.gov.ru

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады, ал қалған аймақта күн ашық болады.

Түркістан облысында тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, найзағай соғады.

Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы және Жамбыл облыстарында найзағай соғады,  Алматы облысында найзағай кезінде желдің екпіні 17-22 м/с-ке дейін күшейеді, Жамбыл облысында тұман түседі.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі. Павлодар облысында 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысында түнде 1-3 градус үсік болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *