Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының ресми іс-шаралары аясында АҚШ Президенті Дональд Трамппен қысқа кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен саяси, сауда-экономика, гуманитарлық, сонымен бірге өңір және жаһан қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы жан-жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуды жалғастыра беретінін атап өтті.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының жұмысы аясында бірнеше кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Грузия Президенті Саломе Зурабишвилимен, Украина Президенті Владимир Зеленскиймен, Польша Президенті Анджей Дудамен, Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурермен, Болгария Президенті Румен Радевпен, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.