Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті

БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина Президенті Владимир Зеленский кездесті. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Украинаның арасындағы саяси және сауда-экономика ынтымақтастығын одан әрі дамытуға дайын екенін және бұл бағыттағы мүмкіндіктің зор екенін айтты.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли кездесудің бейнеролигін Facebook парақшасында жариялады.

Опубликовано Берік Уәли Вторник, 24 сентября 2019 г.

 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне сапармен келуге шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті лауазымына сайлануына байланысты Владимир Зеленский оған құттықтау хат жіберді. Украина Президенті өзінің құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Ол Киев пен Нұр-Сұлтан арасындағы қатынастарды дамытуға тың серпін беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаевты Украинаға сапармен келуге шақырды.