Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты Украинаға шақырды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Владимир Зеленский өзінің құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Сайлаушылардың cізге артқан сенімі беделіңіздің жоғары және Қазақстан халқына қызмет етуге адал екеніңізді дәлелдейді. Күш-жігерімізді өзара біріктіре отырып, елдеріміз арасындағы конструктив ынтымақтастықты нығайта аламыз, — делінген жеделхатта.

Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты Украинаға шақырды.

Киев пен Нұр-Сұлтан арасындағы қатынастарды дамытуға тың серпін беру үшін сізді Украинаға сапармен келуге шақырамын, — делінген жеделхатта.