Үкімет фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді — Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Президентіне облыстың әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі көрсеткіші мен агроөнеркәсіп кешенінің келешегі туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа дәнді және майлы дақылдардың жаңа сорттары да көрсетілді.

Мемлекет басшысы механизаторлармен әңгімелескенде ауыл шаруашылығы алқаптарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге баса мән беріліп отырғанын айтты.

Мемлекетіміз үшін сіздердің еңбектеріңіздің мәні зор. Үкімет фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді, ауылдың өмір сүру сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев диқандарға ауа райының жақсы және өнімнің мол болуын тіледі.

Ақорданың баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлидің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде Жекеменшік спорт мектебі мен «ТНК» агрофирмасының «Урожай» серіктестігіне қарасты ауылшаруашылық өндірісі кешеніне де барады