Нөсер, бұршақ, дауыл. 19 қыркүйектегі ауа райына болжам

Кей жерде найзағай соғып, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстың бірқатар аймағында нөсер жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста, орталықта және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерін тұман басып, жел күшейеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр, кей жерде одан жоғары болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20 метр, кей жерде секундына 23-28 метр, екпіні секундына 30 метр және одан жоғары болуы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл соғуы мүмкін. Басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерінде 23-28 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Алматы, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерін тұман басады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерінде, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген ауданында өрт қауіпі сақталады.