Кей жерде найзағай соғып, жаңбыр жауады, тұман басуы мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұруы мүмкін. Түнде кей жерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Түнде және таңертең кей аймақты тұман басуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерінде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 метрге дейін жетеді. Түнде және таңертең тұман басуы мүмкін.
Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, дауыл тұруы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерін тұман басады.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерінде, Карағанды облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өрт қаупі сақталады.
