10-12 қыркүйек. Бірқатар аймақта үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Биіктіктегі барикалық жыра арқылы Оралдан түсіп жатқан суық және ылғал ауа және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанға әлі де ықпалын тигізеді. Сондықтан алдағы үш тәулікте жаңбыр жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай соғады. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмен болады, — делінген хабарламада.

Республиканың тек батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Антициклонның шығыс бағытқа қарай жылжуы арқылы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында да жаңбыр басылады.