Оралдық жастар өзара тәжірибе алмасты

Bolashaq қауымдастығы аталған жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде ұйымдастырып отыр. Шараға Орал, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарынан 18-29 жас аралығындағы 200-ге жуық белсінді жас келді.

жастар
Фото: Bolashaq қауымдастығы

Шараның ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев сөз сөйлеп, жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.

Іс-шарадан өздеріңізге керек дүниені алып, мемлекет беріп отырған зор мүмкіндікті тиімді пайдаланады деп үміттенемін. Екі күн бойы жұмыс істеп, тәжірибе алмасасыздар. Нәтижесі өздеріңіз қалағандай, жемісті болады деген ойдамын, — дейді Аманжол Алпысбаев.

жастар форумы
Аманжол Алпысбаев. Фото: Bolashaq қауымдастығы

Жиын барысында Оралдағы студенттер альянсының вице-көшбасшысы Самат Рахымғали «Жастар ҮЕҰ-ның тұрақты дамуы мен тиімділігін арттыру» атты мастер-класс өткізді. Ол өзі басқаратын ұйымның атқарған жұмыстары мен студент жастардың белсенділігі туралы баяндады.

жастар форумы
Фото: Bolashaq қауымдастығы

Тәжірибесін бөлісіп, жобаларды жүзеге асыру жөнінде үйренуге келген жастар арасында түрлі сала мамандары да бар. Олар екікүндік шара барасында қажет ақпараттар алып, келешекте атқарылатын жұмыстар барысын пысықтайды.

жастар форумы
Фото: Bolashaq қауымдастығы

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының әр аймағынан келген жастар үшін арнайы сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды. Онда жастар жобалары жайында айтып, көкейде жүрген сауалдарын ортаға салды.

жастар форумы
Фото: Bolashaq қауымдастығы
жастар форумы
Фото: Bolashaq қауымдастығы

Шараның тиімділігі мен мүмкіндіктерін талқылған қатысушылар арасында жас кәсіпкерлер де болды.

жастар форумы
Фото: Bolashaq қауымдастығы

Бір жыл бұрын өзімінің жеке кәсібімді аштым. Қазір «Жас кәсіпкер» жобасының қатысушысы ретінде мемлекет тарапынан бөлінетін грант нәтижесін күтіп отырмын. Бұл шараға жаңа дүниелерді танып-білуге, жаңа орта қалыптастырып, тың идеялар алу мақсатында келдім, — дейді жас кәсіпкер Думан Бекталиев.

жастар форумы
Фото: Bolashaq қауымдастығы

Белсенді жастар болашақта бірлескен жобалар жасап, жастар ұйымдарының байланысын жандандыруға атсалыспақ. Әр  өңірде жасалып жатқан жобаларды өз аймағында пайдаланып, өзара тәжірибе алмасуға ниетті.

жастар форумы
Фото: Bolashaq қауымдастығы

Айта кетейік, шара 19-20 тамыз аралығында Нұр-Сұлтанда басталды. Алдағы уақытта Оралдан өзге, еліміздің үш аймағында ұйымдастырылады. Жоба қорытындысы бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ресурстық орталықтарының ең үздік қазақстандық тәжірибесі негізінде арнайы жинақ жарық көреді.