Басты бет / Жаңалықтар /
пара беру
Фото: ІІМ

Ұлытау облысында тергеушіге пара бермек болған ер адам ұсталды

Ұлытау облысында полиция қызметкерлері тергеушіге пара беру әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адам алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша өзіне оң шешім шығару үшін тергеушіге заңсыз сыйақы ұсынған.

Алайда тергеу бөлімінің қызметкері күдіктінің әрекеті туралы бірден Ұлытау облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ақшаны беру кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Оқиға орнынан берілмек болған ақша тәркіленді. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram