Нөсер, тұман, бұршақ. 9 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Кей аймақта найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік  Қазақстан облысында нөсер жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста тұман түседі. Синоптиктердің болжауынша, тек батыс аймақта ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында күн күркіреп, түнде және таңертең тұман басады. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қарағанды ​​және Ақмола облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында күн күркірейді, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай болады. Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін. Алматы және Қостанай облыстарында найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысында тұман түсуі мүмкін Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында найзағай ойнап, тұман болады.

Түркістанда, Атырауда, Қызылордада, Жамбылда, Қарағандыда, Ақтөбеде, Алматы облыстарының кейбір ауданында өрт қаупі сақталады.