Пойыз жолсерігіне жолаушының телефонын қуаттау үшін ақша сұрауға тыйым салынды

Теміржол тасымалы үшін жаңа ережелер қарастырылды. Құжатта электрлі қуат көздерін барлық вагондарға орнату міндеттелді. Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» енді пойыздарда бақылауды күшейтіп, тозығы шыққан ескі вагондарды жаппай жөндейміз деп сендіріп отыр. Ал, жолсеріктердің жолаушылардан ақша алғаны анықталса, бірден жұмыстан қуылмақ.

 

«Ұялы телефондар болсын, басқасы болсын оларды жолсеріктерге зарядтауға қатаң тыйым салынған. Өйткені, бұл қызмет жолаушылар үшін тегін», — дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ вице-президенті Асылхан Қалдыкөзов.

 

ДереккөзКТК