5 қыркүйекте қай өңірлерде бұршақ жауады?

Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз дауыл тұрады, жел 15-25 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай облысында бұршақ жауады, 15-23 м/с жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз бұршақ жауады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Қызылорда облысында дауыл тұрады, Павлодар облысында түнде тұман түседі, Қарағанды облысының кей жерінде бұршақ жауады.

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарында өрт қаупі бар.

Түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде 1-3 градус дейін үсік болады.