3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде тұман, жел күшейеді.

Батыс Қазақстанда, түнде және таңертең Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі. Күндіз Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда, Атырау облыстарында, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде түнде топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік болады.