Синоптиктер болжамы бойынша қай өңірлерде күн райы бұзылады?

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің сәрсенбідегі ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы болжамы бойынша Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, Маңғыстау облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, шаңды дауыл тұрады, Батыс Қазақстан облысында да найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Атырау облысында найзағай ойнап, нөсер жауады, 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Алматы облысында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде дала өрті қаупі күшейеді.