23 тамызда Қазақстанның қай бөлігінде жаңбыр жауады?

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің болжамына қарағанда 23 тамызда еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, шығыстың кей жерінде нөсер жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте және орталықта тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрады. Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі. Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында дала өрті қаупі күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында жаңбырдың салдарынан тау өзендерінің суы тасуы мүмкін.