Дүйсенбіде батыстан басқа өңірлерде ауа райы жайсыз болады

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының дүйсенбіге арналған болжамына қарағанда Ақмола облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында да найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады, тұман түседі. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел соғады. Қостанай, Қарағанды облыстарында да найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында қатты ыстық (35-36 градус) болады. Қызылорда, Түркістан, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының оңтүстік бөлігінде дала өрті қаупі өте күшті болады.