Демалыс күндері қай өңірлерде жаңбыр жауады?

17-19 тамыз күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. «Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күннің ауа райына болжам жасады.

Атмосфераның фронтал бөліктерінің өтуіне байланысты алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы әлі де құбылмалы болады, жаңбыр жауады, шығыс бөліктің кей жерінде нөсер жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Мамандардың болжамы бойынша республиканың батысына, солтүстік-батысына және оңтүстігіне Архангельск ауданынан келетін антициклон әсер етіп, соның ықпалынан бұл өңірлерде алдағы үш тәулікте жауын-шашын болмайды, ауа температурасы біртіндеп 30-41 градусқа дейін қайта жоғарылайды.