Алдағы үш күнде батыстан басқа өңірлерде толассыз жаңбыр жауады

«Қазгидромет» кәсіпорнының синоптиктері 13-15 тамыз күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мәскеу аумағынан келетін циклон мен онымен байланысты фронтал жүйелердің шығыс бағытта жылжуымен жаңбыр, солтүстіктің, шығыстың және оңтүстік-шығыстың кей жерінде нөсер жауады, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, — деп хабарлады синоптиктер.

Мамандардың мәліметінше, еліміздің солтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін 20-25 градус жылыға дейін төмендейді. Республиканың батысында және оңтүстік-батысында Каспий теңізі аудандарынан келетін антициклонның ықпалынан ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады.