Антициклон мен 40 градус аптап. Бейсенбінің ауа райы

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, батыс, солтүстік-батыс және шығыс өңірлердің кей жерлерінде ғана найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Солтүстікте тұман түседі.

Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады. Ақтөбе, Қарағанды облыстарында сынап бағанасы 41, Ақмола облысында 35-38, Жамбыл облысында 38-41, Маңғыстау облысында 38, Қызылорда облысында 43, Солтүстік Қазақстан облысында 35, Түркістан облысында 40-43 градусқа дейін жоғарылайды.

Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.