Алдағы үш күнде елімізде ауа температурасы төмендейді

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 15-17 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың хабарлауынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, температура төмендейді.

Жел күшейіп, күн күркірейді, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Ал республиканың батысына Архангельск өңірінен келетін антициклон әсерін тигізіп, соның ықпалынан жауын-шашын болмайды, ауа температурасы біртіндеп 30-41 градусқа дейін жоғарылайды, — деп хабарлады синоптиктер.