16 тамызда Қазақстан аумағында күн райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына қарағанда Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл облыстарында 25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, Қарағанды облысында дауыл тұрады. Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады. Қостанай облысында тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстарында дала өрті қаупі күшейеді. Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматыға іргелес аумақта жаңбырдың жаууына байланысты таулы жерлердегі өзендерде су деңгейі көтеріледі.