2 тамыздағы ауа райы: қай өңірлерде жел күшейеді?

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел екпіні 23-28 м/с-ке күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысында екпіні секундына 23 метрге жететін жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.