«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, бейсенбіде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысында тұман түседі.

Жамбыл облысында 23 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысында 25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, шаң борайды.

Ақтөбе облысында тұман түседі. Қостанай облысында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Қарағанды облысында да жел күшейіп, дауыл тұрады, тұман түседі.

Қызылорда облысында 15-20 м/с жел соғады, Шығыс Қазақстан облысында да 15-20 м/с жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысында 18-23 м/с жел соғады, дауыл тұрады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде дала өрті қаупі күшті болады. Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматыға іргелес аумақта жаңбырдың жаууына байланысты таулы жерлердегі өзендерде су деңгейі көтеріледі.