Жаңбыр мен дауыл. Сейсенбіде ауа райы құбылмалы болады

Солтүстік Қазақстан облысында 23-28 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан, Қызылорда облыстарында 25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, шаң борайды. Қарағанды облысында 23 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында да бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады, Батыс Қазақстан облысында дауыл тұрады. Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында да 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Алматы облысында жел екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да