Сәрсенбіде қандай өңірлерде жауын-шашын болмайды?

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында 15-20 м/с жел соғады, соның ішінде Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында толассыз жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін, Маңғыстау облысында дауыл тұрады.

Алматы облысында жел екпіні секундына 25 метрге жетеді, шаңды дауыл тұрады, өңірдің таулы аудандарында дауыл күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда облысында күн 40 градусқа дейін ысиды. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында өрт қаупі күшейеді.