Шілденің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктері 30 шілде мен 1 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Алдағы күндері атмосфера фронттарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерде жаңбыр жауады, батыс пен солтүстік-батыстың кей жерінде нөсер жауады, күндізгі ауа температурасы 17-25 градусқа дейін төмендейді, — деп хабарлады синоптиктер.

Мамандардың болжамы бойынша республиканың оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады, температура 35-40 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның жекелеген аймақтарында найзағай ойнап, дауылды жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.