Синоптиктер бірнеше өңірде шаңды дауыл тұратынын хабарлады

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Жамбыл облысында тұман түседі, жел екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау облысында шаңды дауыл тұрады, 25 м/с жел соғады, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Қарағанды облысында тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады.

Алматы, Қостанай облыстарында 15-20 м/с жел соғып, тұман түседі. Батыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында да 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында күн тұманды болады.

Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында әлі де қар көшкіні қаупі бар. Алматы облысы мен Алматыға іргелес аумақтарда өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.