Алдағы үш тәулікте бұршақ аралас жаңбыр жауып, суық болады

«Қазгидромет» РМК мамандары 21-23 мамыр күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Болжамға қарағанда алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, 15-25 м/с жел соғады, суық болады.

Бұл барлық метеорологиялық құбылыс әуелі полюстің, артынша Арктиканың суық фронттарының өтуіне байланысты болады. Батыс облыстарда Ресейдің Еуропа бөлігінің орталық аймағынан антициклон жылжып, оның ығысу шамасына қарай кезеңнің соңында солтүстік, оңтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын тоқтайды, — дейді «Қазгидромет» мамандары.