Осы жылдың алғашқы жартысында Қазақстанда барлығы 30,8 мың автокөлік сатып алынды, бұл былтырғы сондай кезеңмен салыстырғанда 18,3% көп.

Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, сатылған автокөліктердің ішінде Қазақстанда құрастырылғандарының үлесі 47,1%-тен 55,8% өсіп отыр. Импорт 52,9%-тен 44,2% азайған.

Қазақстанның зауыттары шығарған жаңа жеңіл автокөліктердің сатылымы бір жылда 40,1% артқан (17,1 мың автокөлік). Импорт машиналардың 13,6 мыңы ғана сатылды, бұл былтырғыдан 1,1% аз.

Автокөлік сатылымы
Жаңа жеңіл автокөлік сатылымы

Жаңа жеңіл автокөліктердің үштен бірінен астамы «БИПЭК АВТО» дилер тобы арқылы сатылған: 33,5% (былтыр көрсеткіш 30% болды) немесе 10,3 мың автокөлік, көрсеткіш бір жылда 32% артқан.

Екінші орында Astana Motors Қазақстан мотор компаниясы тұр: 25,1% (былтыр 21,3% болды) немесе 7,7 мың автокөлік, көрсеткіш бір жылда 39,6% көбейген.

Көлік сатылымы жөнінен үздік үштікке «Вираж» компаниясы кіреді: 6,1% (былтыр 8,8% болды) немесе 1,9 мың автокөлік, көрсеткіш бір жылда 17,4% азайған.

2019 жылдың маусым айының өзінде Қазақстан азаматтары 6 мыңнан астам жаңа жеңіл автокөлік сатып алды. Көрсеткіш биылғы мамыр айына қарағанда 2,7%, 2018 жылдың маусымына қарағанда 12,5% көп.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Musikkkkk)