Қазақстандық паралимпиадашылар кезекті жарысқа аттанды

Оған төрт елдің: Қазақстан, Ресей, Армения және Испанияның паралимпиадашылары қатысады.

Grand prix Rezept-Sport Wheelchair racing аталатын жарыс «Сочи Автодромында» екінші рет өткізілгелі отыр. Барлығы 24 қатысушы бақтарын сынайтын болады.

Бүкілресейлік мүгедектер қоғамынан мәлім еткендей, «Формулы-1» автодромы трассы 21 шақырымды құрайды. Спортшылар ұзындығы 2 600 метр болатын шеңберді сегіз рет айналып өтуі тиіс.

Айта кетейік, аталмыш жарыстарды ұйымдастыру идеясы 2014 жылы өткен қысқы Паралимпиада кезінде пайда болған.