Өмірзақ Шөкеев: Арыста ешқандай радиация жоқ

Облыс әкімі жиналғандармен «Акмешітте» кездесті. Арыс тұрғындары радиация жайлы ақпараттың тарап жатқанын айтып, басқа қалаларға көшіруді сұрады.

Арандатушыларды тыңдамаңыздар, мені тыңдаңыздар! Біз бірге болуымыз керек. Арыста ешқандай радиация жоқ. Сіздерге Арыста үй салып береміз. Сосын оны сатасыздар ма, жоқ па — өздеріңіз шешесіздер, — деді Өмірзақ Шөкеев.

Мұның алдында Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Арыс тұрғындарының талабына жауап берген болатын.

Сіздер Шымкенттен үй беруді сұрайсыздар. Шымкентте 130 мың адам үйдің кезегінде тұр. Олардың ішінде жағдайы нашар отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар бар. Мен оларға не деуім керек? «Сіздерге бермейміз, Арыс тұрғындарына беремін» деуім керек пе? Олар да сіздердей адам ғой. Олар да сіздер сияқты жиналып, талап етуі мүмкін. Тіпті, кейбірінің кезекте тұрғанына 10 жылдай болған. Арыс жақсы қала, станция, экономикасы дамиды. Ертең оқ дәрілерді көшіріп әкетеді. Жаңа үйлер мен жолдар салынады, — деді Шымкент әкімі.

ДереккөзТengrinews.kz